Италия университетімен меморандумдарға қол қойылды
Ташкент қаласында өткен бірінші Өзбекстан-Италия білім форумына еліміздің және Италияның көптеген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Форум аясында бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Самарқанд мемлекеттік медицина университеті мен Италияның Пиза университеті арасында өзара ынтымақтастық мәселелеріне арналған меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес, екі жоғары оқу орны арасында студенттер мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибе бағдарламаларын іске қосу, сондай-ақ оқу бағдарламаларын интеграциялау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу келісілді.
Айта кетейік, биылғы жылдың шілде айында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Жасур Ризаев Италияға ресми сапары барысында Пиза университетінің ректоры Рикардо Зуччи мырзамен кездесу өткізіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.