Италия Украина чемпионаты ойындарын өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Италия футбол федерациясының басшысы Габриэла Гравина, Украина чемпионаты кездесулері Италия жасыл алаңдарында өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
«Италия футбол федерациясы Украина чемпионатының матчтарын өткізуге дайын және біз осы арқылы достарымызға көмектескіміз келеді. Біз басқа салаларда да көмектесуге тырысамыз», - деген Гравина.
Еске салайық, Украина чемпионаты 24 ақпанда елдегі орын алған әскери операцияларға байланысты тоқтатылған еді.