Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла 9 қараша күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.


Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 7-9 маусым күндері Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың шақыруымен осы елге сапармен барған еді.
Мемлекет басшысы Римде Италия Президенті Серджо Маттарелла және Премьер-Министрі Джорджа Мелонимен жемісті келіссөздер жүргізді. Онда екі ел арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларация қабылданған.


Кейінгі жылдары Өзбекстан мен Италия арасында саясат, қауіпсіздік, экономика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы жандана түсті. Нәтижесінде Италия Өзбекстанның Еуропадағы маңызды және сенімді серіктестерінің біріне айналды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Күн тәртібінде Өзбекстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту және басым бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылған.
<iframe width="650" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/FLPF3Sw6g0o" title="Италия Президенти Сержо Маттарелла Тошкентда" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Икрам АВВАЛБАЕВ, Насиржан ХАЙДАРОВ(сурет), ӨзА