Италия пенальтилер сериясында Англияны жеңіп, өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионы болды
Еуро-2020 футбол турнирі аяқталды. Лондондағы «Уэмбли» алаңында өткен кездесуде Италия құрамасы Англияны жеңіп, өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионы атанды.
Кездесудің негізгі уақытында есеп тең нәтижемен аяқталды. 2-минутта Люк Шоу есеп ашып, Еуропа чемпионатының финалында ең жылдам гол салған футболшы атанды. Ал, екінші таймда Англия есепті сақтап қалуға тырысып, қорғанысқа көңіл бөлді және 67-минутта жазаланды - Бонуччи бұрыштама добынан кейін ағылшын айып алаңының ішінде пайда болған қолайлы мүмкіндікті жақсы пайдаланып оны голға айналдырды.
Қосымша берілген экстра-таймда да, есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында Италия футболшылары Англия құрамасын жеңіп (3:2), өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионы болды.