Италия мигранттар ағынына байланысты елде алты айға төтенше жағдай жариялады.
Deutsche Welle мәліметінше, 11 сәуірде тараған ақпаратты премьер-министр Джорджия Мелони кеңсесі растаған.
Ең көп зардап шеккен оңтүстік аймақтарға 5 миллион еуро беріледі және бұл қаражат басқалармен қатар босқындарды қабылдау орталықтарын ашуға жұмсалады. Төтенше жағдай кезінде мұндай орталықтарды ашу оңайырақ болса да, бірақ заңсыз мигранттарды депортациялау процедурасы да жеңілдетіледі.
«Біз мигранттар ағынын басқаруға тиімдірек және уақтылы әрекет ету үшін иммиграцияға төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдадық», - деген премьер-министр Джорджия Мелони.
Ресми деректерге сәйкес, жыл басынан бері Италияға 31 мыңнан астам заңсыз иммигрант келген. Былтыр дәл осы уақытта олардың саны небәрі 7900-дей болған. Босқындар Жерорта теңізі арқылы Тунис пен Ливиядан Италияның оңтүстігі мен Мальтаға өтуге тырысуда, олардың жарамсыз қайықтармен келуінің салдарынан едәуір бөлігі көз жұмуда.