ЮНЕСКО-ның үндеуіне жауап ретінде Италия балалардың гаджеттерді пайдалануына толық тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«Trend» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің білім министрі Джузеппе Вальдитара жаңа ережеге сәйкес елдегі балабақшалар мен мектептерде смартфондар мен планшеттерді пайдалануға болмайтынын мәлімдеді. Билік қабылдаған шешім елде үнемі сақтала бермейтін шектеуді күшейтеді.
Шенеунік гаджет ойды жинақтауға кедергі келтіретінін, оқу үлгерімі мен жалпы оқу үдерісіне кері әсер ететінін, балалар мен мұғалімдер арасында жиі жанжал тудыратынын айтқан.
«Педагогикалық ұжымды қорғау тек мектеп жүйесін ғана емес, демократиялық жүйенің негізі болып табылатын билік принципін де қорғауды білдіреді», - деген министр.
Гаджеттерді пайдалануға қарсы күрес ЮНЕСКО бүкіл әлем бойынша мектептерде смартфондарды пайдалануға тыйым салу туралы үндеу жариялағаннан кейін басталды. Өйткені, гаджет оқушының назарын аударып, оқу нәтижесіне кері әсерін тигізеді.