Италия COVID-19 салдарынан төтенше жағдай режимін жыл соңына дейін ұзартты
Италияның Министрлер Кеңесі COVID-19 төтенше жағдайын 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Төтенше жағдай режимі үкіметтің қаулысы бойынша осымен төртінші рет ұзартылуда.
Ел денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза коронавирус эпидемиясымен күресудің жаңа шаралары туралы үкімет қаулысын мақұлдағаннан кейін төтенше жағдай режимін ұзарту туралы арнайы баспасөз конференциясында хабарлады.
Құжат, жабық мейрамхана мен барлар, мұражай мен кинотеатрлар, спорт залдар мен бассейндер және мәдени шараларға ковид сертификатын ұсынатын болады. Сонымен қатар, Италия билігі белгілі бір аймақтарда карантиндік шектеулердің жеке пакеттерін енгізуге әкелетін түс санаттарын тағайындау өлшемдерін өзгерткен.