Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италия А Сериясында жасыл жейдемен ойнауға тыйым салынады
11:55 / 2021-07-16

2022/2023 маусымынан бастап Италия А Сериясындағы клубтарға негізгі түсі жасыл болған форма киюге тыйым салынды.

Football Italia басылымының мәліметінше, мұндай ережені енгізудің басты себебі - Италия чемпионаты ірі телеарналармен ынтымақтастық жасауы. Теледидар компаниялары көбінесе жасыл түсті формадағы ойыншылар шөптің түсімен араласып, бейне сапасын нашарлатады деп алаңдайды.

А Серия басшылығы клубтар бір жыл ішінде формаларын жаңа талаптарға оңай бейімдеуі үшін жасыл форма киуге тыйым салынғанын алдын-ала жариялауға шешім қабылдады.

Еске салар болсақ, А Серияның 2021/22 жаңа маусымы 22 тамызда басталады.