«IT-Park University» цифрлық университеті құрылды
Үкімет шешімімен Өзбекстанда «IT-Park University» цифрлық университеті құрылды.
«Құқықтық ақпарат» телеграм арнасының хабарлауынша, университет жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанындағы мемлекеттік емес жоғары оқу орны болып табылады.
Университет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілерді басқару салаларында жоғары білімді кадрларды дайындайды.
Оқу барысы 2022/2023 жылында басталып, студенттерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады және оқу процесі кредиттік-модульдік жүйе негізінде ұйымдастырылған.
Университетте оқыту қашықтан оқыту түрінде жүзеге асырылады, бірақ заңға сәйкес білім берудің басқа форматында да жүзеге асырылуы мүмкін.
Бітірушілерге Өзбекстанда жоғары білімді құжат ретінде танылатын диплом беріледі.