French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испанияның шығысындағы дала өрті жалындай түсті
15:17 / 2022-08-15

Испанияның солтүстік-шығысындағы Сарагоса провинциясында күшті орман өрті шығып, сегіз ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.

Associated Press басылымы дерегінше, құрғақшылық салдарынан өңірде табиғи апат сенбі күні басталып, күндізгі уақытта периметр бойынша өрт 50 шақырымға тараған.

Провинциядағы Аньон-де-Монкайо ауылының ауданында жағдай күрделі күйде қалуда. Ел үкіметі жалпы 1,5 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге орналастырған.

Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші жұмылдырылғаны айтылады хабарламада.

Құрғақшылық пен төтенше температура салдары Испания үшін 2022 жыл өрт бойынша ғасырдың ең аянышты жылы болмақ. Қазірдің өзінде елде 43 ірі ошақ тіркелді, олар кем дегенде 500 гектар орман алқабын өртеп жіберген.