Испаниядан шыққан «Афросиёб» жүрдек пойызы Санкт-Петербург портынан Өзбекстанға бет алды
Испаниядан әкелініп жатқан «Афросиёб» жүрдек пойыз вагондары мен локомотивтері Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстанға бет алды.
«Узтемир иулиуловчи» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жыл 30 маусымда Испанияның Бильбао портынан 2 локомотив пен 11 вагон және бөлек 4 вагон тиелген кеме, шілде айының бірінші онкүндігінде Ресейдің Санкт-Петербург портына жетті.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ мамандары ресейлік әріптестерімен бірлесіп пойызды Өзбекстанға жеткізуге дайындады. 2021 жылы 20 шілдеде «Афросиёб» пойызы Санкт-Петербургтен Өзбекстанға жол алды.
Өзбекстанға «Афросиёб» жүрдек пойызының алғашқысы 2011 жылы жеткізілген еді.