Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испанияда пойыз соқтығысып, 150-ден астам адам зардап шекті
15:43 / 2022-12-08

Сәрсенбі күні Испанияның Барселона провинциясында екі пойыз соқтығысып, 150-ден астам жолаушы зардап шекті.

«Испания темір жолдары» (Renfe) компаниясы жариялаған есеп бойынша, жергілікті уақыт бойынша 07:50 шамасында Барселона қаласына бет алған пойыз жүк пойызына соқтығысып, қазіргі уақытта барлық зардап шеккен жолаушылар вагондардан эвакуацияланған.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дереу оқиға орнына барған. БАҚ дерегінше, зардап шеккендердің бесеуі ауыр жарақат алған, үшеуі ауруханаға жеткізілген, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Осы апат салдарынан Барселонаның қала маңындағы темір жолының кейбір желілерінде пойыздар қозғалысы тоқтатылды.