Испанияда пойыз бен локомотив соқтығысып, 30 адам зардап шекті
Испанияның Каталония автономиялық қоғамдастығында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы локомотивінің соқтығысуы салдарынан 30 адам зардап шекті.
ElMundo басылымының хабарлауынша, оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында Таррагона провинциясындағы Вила-сека ауыл маңында болған. Онда Барселона-Тортоса бағытында 75 жолаушы мінген пойыздың локомотивпен соқтығысқаны айтылады.
Алдын ала болжам бойынша, апат локомотив тежегішінің дұрыс жұмыс істемеуінен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу басталған.