Испанияда көшеде маска тағып жүру талабы алынып тасталды
Испания парламентінің төменгі палатасы үкіметтің көшеде маска тағып жүруді алып тастайтын қаулысын мақұлдады.
Испания үкіметінің шешімі бойынша 26 шілдеден бастап халық әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, көшеде бетпердесіз жүре алады. Маска тағу міндеті елде шамамен бір жыл бұрын енгізілген. Ашық аспан астында маска тағу талабы жойылса да, барлық жабық қоғамдық орындарда ол міндетті.
Пандемия басталғалы бері Испанияда коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны 4,1 миллионнан асып, 81 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Елде вакцинация науқаны өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Қазіргі күнде халықтың 50 пайыздан астамы вакцинацияланған.