Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испанияда коронавирусты көз кескіні арқылы анықтайтын технология жасалды
00:42 / 2021-05-31

Испанияда көздің фотосуретінен адамның COVID-19 індетмен ауырған-ауырмағандығын анықтайтын технология жасалды. Ол бір күн бұрын Валенсиядағы мейрамханалардың біріне келушілер арасында нақты жағдайда сынақтан өтті.

OcuTech жобасы аясында Испания, АҚШ және Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған бұл технология, үш секундта ауруды анықтайды.

Қоғамдағы алғашқы сынақ: мейрамхананың кіреберісінде клиенттерге тек көзді ғана суретке түсіретін арнайы көзілдірік берілген, содан кейін ондағы жасанды интеллект арнайы алгоритмдердің көмегімен алынған суретті талдаған.

Осы жобаның жетекшісі Паула Бонедтің айтуынша: «Бірнеше айлық зерттеулерден кейін біз COVID-19-қа тән қабыну көрінісі көзге көрінетінін түсіндік. Дәрігерлер мен инженерлердің бірлескен күш-жігерінің арқасында коронавирус тудыратын көздегі қабыну процестерін анықтайтын алгоритм жасалды», - деген ол.

Жаңа технологияның жүйесі алынған кескінді талдайды және адам ағзасында коронавирустың болу ықтималдығын болжайды. Фотосурет зерттеуден кейін жойылады, ал адамды шұғыл түрде COVID-19 тестін тапсыруға кеңес беріледі.  Валенсиядағы мейрамханада өткен процес осылай ұйымдастырылды, делінген хабарламада.

Осы технологияны ұсынған Innoarea Projects директоры Альфонсо Сорианоның айтуынша, тексерудің бұл әдісі адамдар көп шоғырланатын орындар үшін өте жақсы: әуежайлар, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар. Бұл әдісті әркім өздігінен, мамандардың қатысуынсыз-ақ жасай алады.