Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испанияда коронавирустан қайтыс болғандар тағыда артты
18:35 / 2020-04-16

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше Испания COVID-19 індетінен жапа шеккен елдер қатарында АҚШ-тан кейінгі екінші орында


Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны тағыда артып бүгін бір тәулікте 551 жағдай тіркелген.

Соңғы күндері Испанияда науқастардың өлім жағдайы азайып келе жатқан болатын. Алайда бүгін тағыда бұл көрсеткіш өскен. Тіпті ауру жұқтырғандар қатарыда 2,9 пайызға артқан. Бүгінге келіп мемлекетте науқастардың жалпы саны 183 мыңға жуықтаған. Солардан 74 мыңнан астамы емделіп, 19 130 жан өмірден өтті. Вирус расталған жағдай бойынша қалалар арасында 50 мыңнан астап науқас тіркелген Мадрид қаласы көш бастауда. Ал жалпы аурулардың 15 пайызы медицина қызметкерлері екен.

Бұған дейін Нил Фергюсон бастаған зерттеу тобы жағдай осылай жалғасатын болса испан халқының 7 миллионға жуық азаматы ауруды жұқтыруы мүмкіндігін айтқан. Осы жағдайды ескере Испания үкіметі бақылауды күшейтіп, әр аймақта бір айда шамамен 600 дей адамнан тестілеу алуды жолға қойған. Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне байланысты егер ахуал осы жағдайда жалғасар болса, Испанияда шамамен 2,3 миллион халық ауру жұқтыру жайлы болжам жасалған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше Испания COVID-19 індетінен жапа шеккен елдер қатарында АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.