Жыл сайын шілде айының басында Испанияның Памплона қаласында бұқалар жарысына қатысу үшін жиналатын экстремалды спорттың жанкүйерлері тағы да осындай рахаттан айырылды. Коронавирустық пандемияға байланысты екінші жыл қатарынан Сан-Фермин фестивалі өткізілмейді.
Қала мэрі Энрике Майяның мәлімдеуінше, денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жағдай мен алдағы айларға арналған болжамдар Сан-Фермин сынды ауқымды және халықаралық фестивальдарға жол бермейді. «Өкінішке орай, мен Сан-Фермин фестивалін 2021 жылы да ресми түрде тоқтатуға мәжбүрмін. Памплонадағы Сан-Ферминасыз екі жыл өмір сүру өте қиын. Мен бұлай болады деп ешқашан ойлаған емеспін», - деген қала әкімі.
Оның айтуынша, мұндай үлкен іс-шараларды бір күнде ұйымдастыруға болмайды, дайындық ұзақ уақытты алады, көптеген адамдар мен мекемелер қатысады, сондықтан мерекені тоқтату туралы шешімді қазір қабылдау керек.
Сан-Фермин фестивалі - бұл Памплонада жыл сайынғы маусымның 6-сы мен 14-і аралығында өткізілетін халықтық шара болып, рәсім 6 маусымда, Әулие Фермин күнінің ортасында басталады. Фестивалдің танымал болуы энсерро (12 құтырған бұқадан қашу) сахнасына байланысты мәшһүр.