Испанияда динозаврлардың жаңа түрі табылды
Португалияның Лиссабон университетінің палеонтологтары Испанияның Куэнка қаласының жанындағы Ло-Уэко аймағында зауропод-динозаврлардың жаңа түрін тапты.
Бұл ежелгі кесіртке (Qunkasaura pintiquiniestra)деп аталды.
Communications Biology журналының жазуынша, кунказаврлар мойыны мен құйрығы ұзын төрт аяқты шөпқоректі динозаврлар (зауроподтар) тобына жатады. Сонымен қатар, кунказаврлардың зауроподтардың титанозаврлар тобына жататыны атап өтілген.
Кунказаврлар бор дәуірінде — 73-75 миллион жыл бұрын өмір сүрген және Пиреней түбегінде кең таралған. Табылған сүйектер динозаврдың ұзындығы бес метрден асқанын көрсеткен.
Еске салар бослақ, жақында неміс палеонтологтары қырғыз әріптестерімен бірге Қырғызстанда жаңа динозавр түрінің қазба қалдықтарын тауып, оны Алпқорақұш деп атаған болатын.