Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испанияда аптап ыстықтан 360 адам қаза тапты
11:59 / 2022-07-17

Испаниядағы аптап ыстықтан алты күн ішінде 360 адам қаза болды.

«Европа пресс» басылымының хабарлауынша, елдің метеорологиялық агенттігі температураның қауіпті деңгейін сары (қауіпті) және қызғылт сары (өте қауіпті) деп жариялады.

Испания Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Карлос III денсаулық институтының мәліметінше, 15 шілде күнгі жоғары температура салдарынан 123 адам қайтыс болған.

Хабарда айтылуынша елдегі ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген.