Испания құрамасының 16 жастағы футболшысы Ямал орта білімді аяқтады
Испания құрамасы мен «Барселона» клубының 16 жастағы ойыншысы Ламин Ямал міндетті орта білімді оқуын аяқтады.
COPE хабарлауынша, 2024 жылғы Еуропа чемпионатында ойнап жатқан Ямал оқуының соңғы кезеңін қашықтан аяқтаған.
Хабарда айтылуынша, испандық футболшы оқуын қанағаттанарлық бағамен бітіріп, бұл қуанышты жаңалықты анасымен бөліскен.
Айта кетейік, Ямал Еуро-2024 топтық кезеңінің үш ойынына да қатысқан. 1-турдағы Хорватиямен ойында (3:0) вингер нәтижелі пас берді.
Испания құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Грузиямен кездеседі.