Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания құрамасы Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды
12:45 / 2023-06-19

Футболдан үшінші рет ұйымдастырылған Ұлттар лигасы турнирінде Испания құрамасы жеңімпаз атанды.

Роттердамдағы алаңда өткен Хорватия мен Испания арасындағы финал кездесуінің негізгі уақытында есеп ашылмады. Қосымша таймдарда да қарсыластар бір-біріне гол соғалмады.

Пенальтилер сериясындағы Саймонның 2 севі испандықтарға жеңіс әкелді. Есеп 4:5. 

Осылайша үшінші рет ұйымдастырылған Ұлттар лигасы турнирінде Испания құрамасы жеңімпаз атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін турнирде Португалия мен Франция құрамалары жеңімпаз атанған болатын.