Испания парламенті газды үнемдеу жоспарын мақұлдады
Испания парламенті газды үнемдеу үшін үкімет дайындаған жоспарды қолдады.
EFE агенттігінің хабарлауынша, жоспар Еуропалық Одақтың ұсынымдары бойынша газды тұтынуды азайтуды көздейді, осылайша ел келесі қыста бұл энергия ресурсының тапшылығын болдырмауы мүмкін.
Жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге жазда үй-жайларда температураны 27 градустан төмен салқындатпау және қыста максимум 19 градусқа дейін жылытуы керектгі көрсетілген.
Сондай-ақ жаңа жоспар бойынша, түнгі сағат 22:00-ден бастап дүкен терезелері мен бос ғимараттардың жарығын өшіру қажет.
Мұндай шаралар Испанияға газ тұтынуды 7 пайызға азайтуға мүмкіндік береді деп болжам жасалған.