Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания мен Португалия 2030 жылғы Әлем чемпионатын бірлесе өткізбек
12:24 / 2020-10-08

Футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылы Қатарда өтсе, 2026 жыл АҚШ, Мексика мен Канада елдерінде өтуі жоспарланған


Испания Корольдігі Футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес пен Португалия футбол федерациясының президенті Фернандо Гомеш екі көрші елде футболды одан әрі дамыту туралы келісімге келіп, 2030 жылғы Әлем чемпионатын бірлесіп өткізу үшін ФИФА-ға өтініш жолдайды.

Корольдік Футбол федерациясының ресми сайтындағы хабарда: «Келісім федерациялардың жалпы жобасы үшін, сондай-ақ елдер үшін маңызды қадам болып табылады. Футбол, спорт – бұл қиындықтарды жеңуге күш пен ерік беруге мүмкіндік беретін тамаша құрал. Біз тіпті Португалиядан жақсы серіктесті елестете алмаймыз. Біз Португалия футбол федерациясымен армыз өте жақын», - деген Луис Рубиалес.

Бұған дейін Испания 1964 жылы Еуропа чемпионаты мен 1982 жылы Әлем чемпионатын қабылдаған. Ал Португалия 2004 жылы құрлықтық чемпионатқа иелік еткен болатын.

Еске салар болсақ, футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылы Қатарда өтсе, 2026 жыл АҚШ, Мексика мен Канада елдерінде өтуі жоспарланған.