Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания Ла Лигасы онжылдықтағы үздік чемпионат деп табылды
10:43 / 2021-03-26

Әлемдік футбол сүйер қауымға керемет ойын көрсетіп келе жатқан Испания Ла Лигасы жасыл алаңдағы шайқастың соңғы онжылдықтың үздік футбол чемпионаты деп табылды. АПЛ екінші орында.

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы 10 жылдықтағы үздік футбол лигаларының рейтингін жасады. Бұл тұжырымға сай 11 988 ұпаймен Испания Примерасы әлемдік футбол чемпионатында көш бастады. 

Ал, футбол мен ойыншылар үшін ең көп қаражат жұмсаған АПЛ (10 498) бұл рейтингте екінші орынға тұрақтаған болса, үздік үштікті Бразилия чемпионаты қорытындылаған (9851).

2011-2020 жылдар аралығындағы ойындар негізінде жасалған атаулы тізімге Азия құрлығынан Оңтүстік Корея (22 орын), Сауд Арабиясы (31) және Жапония (33) чемпионаттары енген.

Әлемдік ТОП-10 чемпионат:

1. Испания (11 988 ұпай)

2. Англия (10,498)

3. Бразилия (9851)

4. Италия (9787,5)

5. Германия (9118)

6. Аргентина (8639)

7. Франция (8594)

8. Колумбия (7672)

9. Португалия (7217)

10. Парагвай (6922.5).