English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания кубогы: «Барселона» мен «Реал Мадрид» үшін қаралы күн
15:13 / 2020-02-07

Қос клуб Испания кубогындағы кездесулерінде жеңіліс тауып, кубокқа дейінгі жүрістерін тоқтатты


Испания футболы жайлы сөз айтылғанда ең алғаш «Барселона» мен «Реал Мадрид» клубтары тілге оралуы сыр емес. Өйткені бұл клубтар бір ғана ел футболының қызығынан асып әлемдік футбол көрерменінің ықыласын өзіне аудырған үздік командалар есептеледі. Сондықтанда қос клубтың кездесуін «эль-классико» деп атауыда тегін емес. Міне осы жетекші клубтар кеше Испания кубогындағы 1/4 финалддық кездесулерінде жеңіліс тауып, кубокқа дейінгі жүрістерін тоқтатты.

Алғашында «Реал Мадрид» өз алаңында «Реал Сосьедад» клубын қабылдап 3:4 есебінде масқаралы түрде жеңілген болса, «Барселона» қонақта «Атлетикоға» 0:1 есебінде ұтылып қана қоймай соңғы төрт кездесуде бұл клубты жеңе алмай келеді. Осылайша ел футболындағы үздік қос клуб Испания кубогы жарысындағы кездесулерін аяқтады. Қазіргі кезде Ла Лигада 22 ойын нәтижесімен «Реал» 49 ұпай жинап көшбастауда. Ал «Барселона» 46 ұпаймен екінші орында келеді.

ehraqw2ITP9y1L9bRIgPDpLk50W0Mt.jpg