Испания корольін наразылар лашықпен атқылады
Су тасқынынан қатты зардап шеккен Валенсияның шеткі аймағындағы Пайпорта қаласында жүздеген тұрғын үкімет қызметкерлерінің келу кезінде наразылық өткізді.
Reuters хабарлауынша, наразылық білдірушілердің кейбірі Испания королі Филипп пен королева Летисияға балшық лақтырған. Премьер-министр Педро Санчес те шабуылға ұшырап, дереу эвакуацияланды.
Наразылар айқайлап, король отбасынан осы уақытқа дейін қайда болғанын, неге жылдам келмегенін сұраған.
Хабарда айтылуынша, король отбасының мүшелері «тыныштық сақтап», жергілікті тұрғындармен сөйлесуге тырысқан.
Соңғы мәліметтер бойынша, Испанияда су тасқынынан 217 адам қаза тапқан, ондаған адам әлі де із-түссіз жоғалған.