Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Исландияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді
15:53 / 2024-10-28

Исландиядағы жұмысшылардың 59 пайыз жұмысы қысқартылып, төрт күндік жұмыс аптасына көшкен. Бұл жүйенің тиімділігі жүргізілген сынақтарда анықталды.

CNN хабарлауынша, Исландия төрт күндік жұмыс аптасын енгізгеннен бері айтарлықтай экономикалық өсімді байқады.

Жаңа зерттеулерге сәйкес, Исландияның жалпы ішкі өнімі 2023 жылы 5 пайызға өсті, бұл дамыған экономика үшін өте жоғары көрсеткіш. Бай Еуропа елдері арасында тек Мальта ғана одан жоғары көрсеткішке ие болды. Салыстыра кетсек, 2006-2015 жылдары Исландияның орташа экономикалық өсу қарқыны жылына небәрі 2 пайызды құраған.

Талдаушылар елдің экономикалық табысын дәл осы жұмыс аптасының қысқаруымен байланыстыруда. 2015 жылдан 2019 жылға дейін елде бірқатар ірі эксперименттер жүргізіліп, бюджет саласының қызметкерлерінің жұмыс аптасы 40 сағаттың орнына 35-36 сағатқа қысқартылды, жалақы төмендетілмеді. Экспериментке Исландияның еңбекке жарамды халқының 1 пайыздан астамын құрайтын 2500 адам қатысты.

Зерттеушілер көптеген жұмыс орындарында еңбек өнімділігі өзгермегенін немесе жақсарғанын, ал жұмысшылардың әл-ауқаты бірқатар көрсеткіштер бойынша «айтарлықтай» артқанын анықтады.

Кейінірек Исландия кәсіподақтары бүкіл ел бойынша ондаған мың мүшелері үшін жұмыс уақытын қысқартуға келісті. 2022 жылға қарай елдегі жұмысшылардың 51 пайызы қысқартылған жұмыс уақыты немесе төрт күндік жұмыс аптасына көшті. Бүгінгі таңда исландиялықтардың 59 пайызы осы форматта жұмыс істейді.