Исландияда омикрон штаммының алғашқы жағдайы тіркелді
Исландияда омикрон коронавирус штаммын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды.
The Reykjavik Grapevine басылымының хабарлауынша, індеттің осы нұсқасы Рейкьявиктегі Ландспитали ауруханасындағы науқаста расталған. Ер адам шетелде болмаған, сондықтан оның инфекцияны нақты қалай жұқтырғаны әзірге белгісіз.
Инфекция Исландияда омикрон штаммының елге енуіне жол бермеу үшін жаңа шекаралық шектеулер енгізілгеннен кейін төрт күн өткен соң тіркелген.
Елдегі шектеулерге байланысты Эсватина, Лесото, Мозамбик, Намибия, Зимбабве немесе Оңтүстік Африкадан келген әрбір адам 14 күн ішінде ПТР тестінен өтіп, өзін-өзі оқшаулауға өтуі керек.