Исламабадта Өзбекстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Исламабад қаласындағы Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Өзбекстан Республикасы Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Онда, Шавкат Мирзияев пен Имран Хан сап түзеген құрметті қарауыл алдынан өтіп, тұғырға көтерілді. Өзбекстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты шараға екі елдің ресми делегацияларының мүшелері де қатысты.
Шавкат Мирзияев халықтарымыздың достығы мен ынтымақтастығының символы ретінде саябаққа көшет отырғызды.
Осыдан кейін екі ел басшылары шағын құрамдағы келіссөздері басталды.


















