Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Исламабадта Өзбекстан мен Ауғанстан делегациялары арасындағы келіссөздер өтті
15:23 / 2021-12-20

Пәкістан астанасында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысқан Өзбекстан делегациясы Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен келіссөздер жүргізді.

СІМ хабарлауынша, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын, олардың даму перспективаларын, атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы мәселелерді талқылады.

Ауғанстан тарапы Өзбекстан Президентіне елдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге, сондай-ақ Ауғанстанда көлік және энергетика саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Ауғанстан министрі Ауғанстан халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін Өзбекстанның Термез қаласында көлік-логистикалық хаб құру бастамасына шынайы ризашылығын білдірді.