Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Исламабад – Лондон рейсі жолаушының өліміне байланысты Ташкентке шұғыл қонды
10:19 / 2021-09-22

British Airways әуе компаниясының Исламабадтан Лондонға ұшып баражатқан Boeing 777-200ER ұшағы борттағы жолаушының өліміне байланысты Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына шұғыл қонды.

Бұл туралы Ташкент әуежайының қызметкері РИА Новости агенттігіне хабарлаған.

«Пәкістан астанасы Исламабадтан Лондонға бет алған British Airways компаниясының Boeing-777 ұшағы, бортындағы жолаушыларының бірі қайтыс болуы, нәтижесінде Ташкент әуежайына қонуға мәжбүр болды»,-делінген хабарламада.

Хабардағы ақпаратқа сай, жолаушы әйелдің өлімінің негізгі себебі инфаркт болған. Алайда марқұмның қай елдің азаматы екені айтылмады. Қазіргі уақытта бұл рейстің жолаушылары Ташкент әуежайының терминалдарының бірінде ұшудың жалғасуын күтуде.