Ислам ынтымақтастығы ойындарында Рустам Ассақалов чемпион атанды
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарында өзбекстандық балуын Рустам Ассақалов грек-рим күресінен чемпион атанды.
97 келіге дейінгі балуандар арасында Өзбекстан намысын қорғаған Рустам Ассақалов барлық қарсыласын жеңіп, алтыннан алқа тағынды.
Сондай-ақ, 12 тамыз күні өткен жарыстарда өзбекстандық Мирзобек Рахматов пен Мухаммедқадир Расулов қола жүлдеге қол жеткізді.
V Ислам ынтымақтастығы ойындарының медаль саны бойынша Өзбекстан құрамасы жалпы есепте үшінші орында тұр.
- Бірінші орын - Түркия 114 (41 алтын, 41 күміс, 32 қола)
- Екінші орын - Иран 54 (22 алтын, 18 күміс, 16 қола)
- Үшінші орын - Өзбекстан 53 (18 алтын, 14 күміс, 21 қола)