Ислам өнерінің бірінші биенналесі: Өзбекстандағы Ислам мәдениетіне қатысты бірегей бұйымдар көрмеге қойылды
Сауд Арабиясының Жидда қаласында 2023 жылдың 23 сәуіріне дейін жалғасатын алғашқы Ислам өнері биенналесі ашылды.
Биенналеде Мәдениет пен өнерді дамыту қоры Өзбекстанның бай Ислам мәдениетін халықаралық жұртшылыққа кеңінен танысуына мүмкін беретін көне ел өмір салтын бейнелейтін және дәке маталардан құралған 17 бірегей мұражай экспонаттарын ұсынады.



Көрмеде Ислам әлемінің маңызды қолжазбаларының бірі саналатын VIII ғасырдағы «Катталангар Құран» кітабы, X-XII ғасырлардағы Самарқанд пен Афросияб қыш ыдыстар, XVII ғасырдағы әйгілі Мухаддис әл-Бухаридің «Ас-Сахих» кітабының көшірмесі, Бұхара ерлер шапаны мен аяқ киімдері, тағы басқа заттар бар.
Ислам өнері биенналесін Дирия биеннале қоры Сауд Арабиясының Мәдениет министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда.




ӨзА