Өзбекстан мен Ислам даму банкі (ИДБ) арасындағы ынтымақтастық жандана түспек.
«Dunyo» агенттігі хабарлауынша, Өзбекстан елшісі Нодиржон Тургунов атаулы банктің Жобаларды дамыту департаментінің бас директоры Анас Айсаммен кездесу өткізді.
Кездесуде Өзбекстан мен ИДБ арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, Өзбекстанда жасалып жатқан ірі жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, әйелдер мен жастарды қолдау, техникалық және гуманитарлық көмекті тарту мәселелері талқыланды.
«Тараптар көлік, логистика, білім беру, ауыл шаруашылығы, су, экология, мал шаруашылығы, гүлденген ауыл және басқа да салалардағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Өзбекстандағы қыз-келіншкетер мен жастарды қолдауға бағытталған маңызды бағдарламалар мойындалып, оларға ИДБ қатысуын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы банк жүзеге асырып жатқан жобаларды жүзеге асыру барысын үздіксіз бақылау және алдағы бірлескен жобаларды талқылау үшін ИДБ өкілдерінің Өзбекстанға жұмыс сапарын ұйымдастыруға келісілген.