Ирландиялық боксшы жекпе-жектен бір өтіп ауруханада көз жұмды
Ирландиялық боксшы Джон Куни чемпиондық жекпе-жекте алған жарақатынан кейін 28 жасында қайтыс болды.
The Guardian басылымының хабарлауынша, Джон Куни чемпиондық жекпе-жек кезінде алған жарақатынан кейін өмірден өтті. Ол 59 кг салмақ дәрежесінде чемпиондық белдігін қорғай алмаған. 1 ақпан күні Уэльс боксшысы Натан Хоуэллспен өткен жекпе-жек тоғызыншы раундта тоқтатылды.
Оған интракраниалдық қан кету диагнозы қойылып, жансақтау бөліміне жатқызылды және шұғыл операция жасалды. Алайда ол бір аптадан кейін ауруханада көз жұмды.
Куни 2023 жылы чемпиондық белдікті жеңіп алған, бірақ қолынан жарақат алуына байланысты бір жыл бойы боксқа қатыспаған. 2024 жылдың қазан айында Танзаниялық Тампела Махарусиді жеңіп, белдігін қорғап қалған еді.
Кәсіби мансабында Куни жалпы 11 жеңіске қол жеткізіп, 1 жеңіліс тапқан.