Ирландияда тікұшақ ғимаратқа құлап, бірнеше адам қаза тапты
Сейсенбі күні Ирландияда тікұшақ ғимаратқа құлап, бірнеше адам қаза тапты.
Ирландия полицияның хабарлауынша, оқиға Ирландияның Вестмит округіндегі Киллюкан Ратуайре ауылының маңында болған. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, тікұшақ ірі жергілікті шошқа фермасына құлаған.
RTÉ арнасының дерегінше, тікұшақ апатынан 40 жастағы екі ер адам қаза тапқан. Қаза болғандардың бірі Ирландия азаматы, екіншісі Шығыс Еуропадан келгені айтылған.