Ирландия WhatsApp-қа 225 миллион еуро айыппұл салды
Ирландияның мәліметтерді қорғау жөніндегі комиссиясы WhatsApp мессенджеріне 225 миллион еуро айыппұл салды.
Мәліметтерге қарағанда, бұған компания мәліметтерді қорғау жөніндегі Еуропалық заңды бұзғаны себеп ретінде көрсетілген. Әлеуметтік желінің еуропалық бөліміне қолданушылардың жеке ақпаратын қалай жинайтыны және бұл ақпаратты Facebook және Instagram-мен қалай бөлісуге болатыны туралы жеткілікті ақпарат бермегені үшін айыппұл салынған.
2018 жылы күшіне енген заң қолданушылардың мәліметтерін құпия қорғауға қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл заңды бұзғаны үшін ауыр жазалар қарастырылған. Алайда, заң күшіне енгеннен бері оған ірі айыппұл салынбады. 2020 жылдың желтоқсанында Ирландия Twitter-ге 450 000 еуро айыппұл салды. WhatsApp үшін комиссия шешімі - бұл заңды бұзғаны үшін бірінші ірі айыппұл саналады.