Иранның Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
2023 жылғы 19 қазанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Али Эскандаридің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап алды.
СІМ басшысы Бахтиёр Саидов елшіні Өзбекстандағы жұмысының басталуымен құттықтады.
«Кездесуде Өзбекстан мен Иран арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты екі елдің сыртқы істер министрліктерінің басымдықтары талқыланды», делінген хабарламада.