Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иранның оңтүстік-шығысындағы лаңкестік әрекетте төрт полиция қызметкері қаза тапты
14:04 / 2023-07-24

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясында жексенбі күні лаңкестік топтың қарулы шабуылынан төрт жол полиция қызметкері қаза тапты,

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қарулы шабуыл Хаштан Тафтанға бара жатқан жолда болған.

«Бұл терактіде жол полициясының қызметкерлері Мехди Аллахпур, Реза Эсмаили, Мухаммад Реза Шейхс және Хасан Вахиди қаза тапты», - делінген хабарламада.

Елдің күш құрылымдары қылмыскерлерді іздеуде. Әзірге елде әрекет етіп жатқан бірде-бір қарулы топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алмаған.

Систан және Белуджистан — Иранның 31 облысының бірі, елдің оңтүстік-шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шекаралас аймақта орналасқан.