Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ирандық футболшылар ФИФА-дан ұлттық құраманы ӘЧ шеттетуді талап етті
11:42 / 2022-10-21

Бір топ ирандық футболшы ФИФА-дан өз елінің ұлттық құрамасын Қатарда өтетін Әлем чемпионатынан шығаруды талап етті.

Iran International English басылымының дерегінше, футболшылар халықаралық ұйымға хат жолдаған.

Жолдаған хатта, Иран билігінің өз халқына деген мейірімсіздігі, елде ФИФА кодексінің бұзылуы, әйелдердің стадиондарға кіруіне тыйым салынғаны, жүйелер тарапынан бірнеше ойыншының қысымға ұшырап жатқанына байланысты бұл жағдай ұлттық құраманы Әлем чемпионатынан шығаруға негіз болады, делінген.

Бұған қоса, ирандық футболшылар Иранның ФИФА мүшелігінен шеттетілуі керек деген.

Еске салар болсақ, Иран ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия, Уэльс және АҚШ елдерімен күш сынасады.