Ирандағы химиялық зауытта жарылыс болды
Жексенбіде Иранның Кум қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып оның арты өртке жалғасты. Оқиа салдарынан кем дегенде алты адам жарақат алған.
Fars сайтындағы хабарда, апат Молдан компаниясында болған. Өртті сөндіру үшін шамамен 150 өрт сөндіруші мен 20 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылған. Жалынның күшті болғаны нәтижесінде екі өрт сөндіру машинасына зақым келіп, екі өрт сөндіруші жарақат алғаны айтылады.