Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды
13:00 / 2025-12-13

Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды.

BILD мәліметінше, Наргиз Мохаммади саяси тұтқындарды бірнеше рет қорғаған, жақында қайтыс болған адвокат және құқық қорғаушы Хосрова Аликордиді еске алу шарасы кезінде қамауға алынған. 

Адвокат Хосрова Аликорди жұмыс орнында жүрек талмасынан көз жұмған. Бірақ оның өліміне қатысты сұрақ көп.  

Мохаммади осымен 14-ші рет темір тордың ар жағында отыр. 2016 жылы ол өлім жазасына қарсы адам құқықтары қозғалысын басқарғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 2024 жылдың желтоқсанында ол аяғына операциядан кейін медициналық себептермен уақытша босатылды, содан кейін оның жазасы бірнеше рет ұзартылды.

Мохаммади үкіметтің қысымына қарамастан наразылықтарға қатысуын жалғастырды. Ол тіпті бұрын өзі ұсталған Тегерандағы атышулы Эвин түрмесінің алдында шеру өткізді. Эвин темірторы азаптаумен, тұтқынды камерада жалғыз және мыңдаған саяси тұтқындарды негізсіз ұстаумен танымал.

Amnesty International ұйымының мәліметінше, Мохаммади қамауда азапталып, бірнеше рет инфаркт болған.