Иранда болған наразылықтар нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапты
Иран әлемдегі жанармай бағасының ең арзан елдерінен бірі саналады
Жанармайдың бағасы күрт өсуінің салдарынан 15 қазан күні басталған наразылықтар нәтижесінде елдің 21 қаласында жалғасып жатқан тәртіпсіздіктерден қаза тапқандар саны 106-ға жетті.
Иран үкіметінің полицияшылары 19 қазанда мыңдаған тұрғындарды ұстап жағдайды бақылауға алғандығын мәлімдеген. Және сол ұстаулар мен бақылауға алу жағдайында наразылық білдіруге шыққан халықтың 100 –ден астамы мерт болған. Бірақ жергілікті БАҚ-та 40 жуық тұрғынның бақилық болғаны айтылады.
Иран әлемдегі жанармай бағасының ең арзан елдерінен бірі саналып, 15 қарашада үкімет бағаны бірден үш есеге көтергендігінен осы тәртіпсіздіктер басталған еді.