Иранда 11 млн литр контрабандалық жанар-жағармай тиелген шетелдік танкер ұсталды
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері елдің оңтүстік аумақтық суларында 11 млнлитрден астам контрабандалық жанармай тасымалдаған шетелдік мұнай танкерін ұстады.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, кеме бортындағы контрабандалық жанармайдың құны 6,87 млн долларды құрайды.
Танкердің капитаны мен экипаж мүшелері қамауға алынды, деген М.Кахремани танкерге контрабандалық жанармай тиеуге көмектескен басқа кемелердің де жауапқа тартылатынын айтты.
Иранда жанар-жағармай бағасына мемлекет тарапынан берілген субсидия көмегінде, жанармайдың елден контрабандалық жолмен шығарылуы қомақты табыс әкелетін бизнеске айналып, соңғы бірнеше айда Иран Әскери-теңіз күштері бортында контрабандалық жанармай тасымалдаған көптеген кемелерді ұстаған.