Иран өзінің жолаушылар ұшағын жасауды жоспарлап отыр
Иран ел өзінің отандық жолаушылар ұшағын жасауды жоспарлап отыр. Лайнердің сыйымдылығы 100 адамды құрайды.
Азаматтық авиация ұйымы мен қорғаныс министрлігі арасындағы келісім бойынша жұмыс басталады. «Қазіргі уақытта осы ұшақтың құрылысы бойынша зерттеу жұмыстары басталды», - деп келтіреді ТАСС Иранның азаматтық авиация ұйымының басшысы Туродж Дехкани Занганенің сөзіне сілтеме жасап.
Иран азаматтық авиациясының бұрынна келе жатқан проблемасы - бұл ескірген әуе паркі. Қазіргі кезде бұл ел АҚШ-тың қатаң санкцияларына ұшыраумен, оның дамуына кедергі келтіруде.