Иран жаңа қанатты зымыранын көрсетті
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Аэроғарыш күштері гипер дыбысты «Фаттах-2» қанатты зымыранын көрсетті.
«Фаттах-2 гипердыбыстық қанатты зымыраны алғаш рет Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хомейни Ислам революциясы Сақшылар корпусының жетістіктері көрмесін аралау кезінде көрсетілді», - делінген IRNA ақпарат агенттігінің хабарламасында.
Ұшақтың бірінші буыны бастапқы қозғалысқа арналған қарапайым зымыран қозғалтқышымен және қозғалысты басқару үшін турбореактивті қозғалтқышпен жабдықталған.
Атаулы зымыран 1400 шақырым қашықтықтағы нысанаға дәл тигізе алады және жаудың әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне ұстатпайды.
Осылайша, Иран гипер дыбыстық зымыраны бар әлемдегі төртінші ел болды. Қазір Ресей мен Қытайда мұндай қару бар, ал АҚШ-та бұл бағыт сынақтан өтуде.