Иран үкіметі әлемнің 32 елімен визалық режимді жоюды біржақты тәртіпте мақұлдады.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан визалық режимді алып тастаған елдердің қатарында.
Сондай-ақ БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар, Кувейт, Үндістан, Ресей, Ливан, Қырғызстан, Тәжікстан, Тунис, Мавритания, Танзания, Зимбабве, Маврикий, Сейшель аралдары, Индонезия, Бруней, Жапония, Сингапур, Камбоджа, Малайзия, Вьетнам, Бразилия, Перу, Куба, Мексика, Венесуэла, Босния және Герцеговина, Сербия, Хорватия және Беларусь елдері бар.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Иззатуллах Зургоми Тегерандағы Министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге жаңалық туралы хабарлаған.
Иран министрінің айтуынша, үкімет бүкіл әлемге шекараларын ашқысы келеді.
«Иран әлеммен, адамдармен байланыс орнатып, иранофобиямен күресуді қалайды. Визалық режимнің біржақты жойылуы - Иранға еркін келетін шетелдік азаматтармен байланысу мүмкіндігі», - деді Зургоми.
Министрдің айтуынша, алғашында 60 елмен визалық режимді жою туралы ұсыныс болған. Бірақ соңында 33-і мақұлданған.