2023 жылдың 18 маусымында Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамов Иранның жол және қала құрылысы министрі Мехрдод Базрпошпен кездесті.
Министрлік дерегінше, кездесуде тараптар көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, көлік дәліздерін дамыту, осы бағытта қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға қатысты аспектілерді талқылады.
«Тараптар «Өзбекстан-Түрікменстан-Иран» үш жақты мультимодальды көлік дәлізін дамыту және пайдалану туралы Өзбекстан тарапы ұсынған келісімді жақын арада, автокөлікте жүк тасымалдау процесінде Иран тарапынан Өзбекстанның ұлттық тасымалдаушылары алатын тарифтерді паритет негізінде төмендету және жанармай салығын басқа елдермен теңестіру туралы келісімге келді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар елдер арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту, жүк тасымалы көлемін арттыру мақсатында Иран-Өзбекстан логистикалық орталығын құру, сондай-ақ Иран аумағында орналасқан Чобахар және Бандар-Аббас порттары ауданда өзбек кәсіпкерлерінің қатысуымен терминалдар мен қоймалар салу мақсатында келіскен.