Иран Украина әуе компаниясына тиесілі ұшақты атып түсіргенін мойындады
Boeing 737 ұшағының апаты салдарынан бортындағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің баршасы қаза болған еді
Ресми Иран Таяу Шығыстағы Украина әуе компаниясына тиесілі ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындап хабарлайды.
8 қаңтар таңға таяу Тегеран маңында апатқа ұшыраған бортында 170-ге жуық жолаушысы бар Boeing 737 ұшағының апаты «адам қателігі» салдарынан болған. Иран Қорғаныс күштері Бас штабының жергілікті ақпарат көздеріне берген түсініктемесінде «Бұл жағдай адам қателігі салдарынан орын алды. Ұшақ абайсызда апатқа ұшырады», деп айтып , ұшақтың маңызды әскери нысанға жақын маңнан ұшып кеткендіктен «атып тастады» деп қосымша қылған.
Мәлімдемеде айтылғандай, бұл «жоғары дабылда» орын алған, өйткені Иран АҚШ-тан генерал Қасым Сүлейманидың өліміне қатысты кек алу мақсатында Ирактағы әскери базаларына зымыранды шабуылдар жасау кезінде орын алған болып, бұл нысан АҚШ-қа тиесілі болуымен байланыстырған.
Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф өз Twitter парақшасында «АҚШ авантюризмі тудырған дағдарыс кезіндегі адам қателігі» апатқа әкелді деп жазып, ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.
Батыстың бірқатар лидерлері ұшақтың апатқа ұшырауы зымыранның кесірінен болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл жағдайды Украина үкіметіде жоққа шығармады бірақ, Иранның ресми өкілдері бұған дейін мұны жоққа шығарғып келген. Алайда Нью-Йорк Таймс жұма күні Boeing-ке зымыранмен соққы жасаған сәттің бейнетаспалы ролигін жариялаған болатын.
8 қаңтар таңға таяу Тегеран маңында апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының апаты салдарынан бортындағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің баршасы қаза болған.