Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран Украина ұшағына екі зымыран атқанын мойындады
13:13 / 2020-01-21

Франциялық және америкалық ұшақ апатын зерттеуші агенттіктер қара жәшіктің шифрын ашу үшін қажетті құрылғыны Иранға беруден бас тартқан


АҚШ пен Иран арасындағы алауыздықтың обалына қалған Украина әуе комраниясына тиесілі ұшақтың құлауы нәтижесінде 176-ға жуық азамат қаза тапқан еді.

Жан түршіктірер апаттың әдейі жасалған деген болжамды Иран үкіметі бірден мойындай қоймай, оны ұшақтың техникалық ақауларына әкеп соқты. Араға бірнеше күн салып Нью-Йорк Таймс ұшаққа әуеден зымыранмен соққы жасаған сәттің болжамды бейнетаспалы ролигін жариялаған соң амалсыз «Адам қателігінің салдарынан» орын алған жағдай деп ресми түрде мойындап әлем алдында қаза тапқан азаматтардың туысқандарынан кешірім сұрады.

Енді бүгінге келіп Иранның Авиациялық ұйымы украиндық Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырағаны туралы екінші баяндамасында ұшақтың Top-M1 әуе қорғаныс санатына жатушы қысқа қашықтыққа арналған екі зениттік зымыранмен соққы жасағанын растады.

Қазірде апатқа ұшыраған ұшақтың әуеде болған кездегі мәліметтері мен ұшқыштар кабинасындағы дауыстарды жазып алушы регистратор әлемдегі ең үздік құрылғы болып, оның Иранда ашу мүмкіндігі болмай тұр. Франциялық және америкалық ұшақ апатын зерттеуші агенттіктер қара жәшіктің шифрын ашу үшін қажетті құрылғыны Иранға беруден бас тартқан.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың соңы мен 2020 басында орыналған АҚШ мен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан 8 қаңтар Украина әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Тагеран маңында апатқа ұшыраған болатын.